Заполните нашу анкету
қазақшарусскийenglish



VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік Конференция

«Қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ) және адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ). ҚРТ өзекті мәселелері»

Астана қаласы, 3-4 маусым 2014 жыл




Конференция өтетін орын: Астана қаласы, Тұран д-лы, 38
«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы»
Үлкен конференц-зал, 1 этаж.


Болжалды қатысушылар саны: 200 адам

Шетелдік спикерлер:

Дов Фельдберг (Израиль) – Тель-Авив Университетінің профессоры, медицина докторы (M.D.), Дүниежүзілік адам ұрпағын өрбіту Ассоциациясының WARM (World Association of Reproductive Medicine) Вице-президенті, Rabin Medical Center (Тель-Авив Университеттік клиникасы) акушерия және гинекология департаментінің жетекшісі, Helen Schneider Hospital атындағы әйелдер ауруханасының жетекшісі.
Ориол Колл (Испания) – «Eugin» клиникасының негізін қалаушысы және Президенті (Барселона қ.), "Capital" басылымының мәліметі бойынша әлемдегі ең таңдаулы 150 дәрігердің қатарына кіреді.
Монсеф Бенхалифа (Франция) – биолог, Жюль Верн атындағы Пикардия Университетінің репродуктивті биология және цитогенетика кафедрасының Профессоры, Unilabs Group компаниясының техникалық және ғылыми кеңесшісі (Unilabs Франция – техникалық директоры), ATL - Medimiks Reproductive Biology & Genetics R&D Laboratories – негізін қалаушы және ғылыми директоры, Merieux Foundation Laboratories – R & D директоры.
Владимир Исаченко (Германия) – профессор, Ph.D., Кёльн Университетінің акушерия және гинекология кафедрасының репродуктивті медицина ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі (Кёльн қ.).
Евгения Исаченко (Германия) – Ph.D., Кёльн Университеттік клиникасының акушерия және гинекология бөлімінің денеден тыс ұрықтандыру зертханасының ғылыми Директоры (Кёльн қ.).
Элиэзер Гирш (Израиль) – биология ғылымдарының докторы (Ph.D.), клиникалық эмбриолог және андролог, Барзилай атындағы медицина орталығының ДТҰ лабораториясының директоры (Ашкелон), «CareMed» медицина орталығының андрология лабораториясының директоры (Рамат хаШарон), «ELNAT Reproduction» медицина компаниясының бас директоры (Реховот).
Ирина Айзикович (Ресей) – гинеколог-репродуктолог, медицина ғылымдарының кандидаты, Халықаралық қосалқы репродуктивті технологиялар, генетика, гинекология және босанатын әйелдерге жәрдем көрсететін клиникалық орталықтың бас дәрігері.
Галина Калачева (Ресей) – Сібірлік федералды округтік ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының басшысының орынбасары.
Виктор Веселовский (Украина) – «Надия» (Киев) репродуктивті медицина клиникасының медициналық директоры, көптеген ғылыми жұмыстардың авторы, Украина Адам ұрпағын өрбіту Ассоциациясының мүшесі (УАРМ), Америка репродуктивті медицина Ассоциациясының мүшесі (ASRM), Эмбриология мен Адам ұрпағын өрбіту қауымдастығының Европалық кеңесінің мүшесі (ESHRE), акушерия және гинекологиядағы ультрадыбыстық мамандардың Халықаралық қауымдастығының мүшесі (ISUOG).





Конференцияға байланысты барлық сұрақтарыңыз бойынша Конференцияның Хатшылығына мына телефондар арқылы хабарласуға болады:

Қазақстанның адам ұрпағын өрбіту Ассоциациясы
050009, Алматы қ., Гагарин д-лы, 78

7 727 2775573; +7 727 3759004
+7 701 5556168; +7 701 8886445; +7 701 8884923
e-mail: info@kahr.kz, сайт: www.kahr.kz